+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 497.05
RUB 6.02 CNY 66.69
Jańalyqtar

Президент Атырауды дамытуға қатысты 7 міндетті айқындап берді

2021 жылғы 22 сәуір 13:31
Бөлісіңіз:
Президент Атырауды дамытуға қатысты 7 міндетті айқындап берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте өңірді дамытуға қатысты 7 міндетті айқындап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Президент азық-түлік бағасының қымбаттауына қатысты пікір білдірді Мемлекет басшысы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның жоспарымен танысты Президент Қарағанды облысындағы полиметалл кен байыту фабрикасын іске қосу рәсіміне қатысты

«Атырау облысының жағдайы туралы барлық баяндамаларды тыңдадық. Аймақты дамытуға қатысты нақты мақсат-міндеттеріміз бар. Індеттен туындаған қиындыққа қарамастан, ел экономикасын қалпына келтіруге күш жұмылдыруымыз қажет. Қазір бүкіл әлем дамудың дағдарыстан кейінгі кезеңіне қадам басты. Біз осы үрдістен қалып қоймауымыз керек. Сондықтан, мынадай міндеттерді шешуге баса мән берген жөн», - деді онлайн форматта өткен кеңесте Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бірінші - мұнай-газ өнеркәсібін дамыту, екінші - автожолдарды дамыту, үшінші - жұмыспен қамту, төртінші -денсаулық сақтау жүйесін нығайту, бесінші - өңірді тұрақты энергиямен қамту, алтыншы - өңірді сумен қамтамасыз ету.

«Жетіншісі – тұрғындардың денсаулығы және өмір сапасы өңірдегі экологиялық жағдайға байланысты», - деді Президент.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT