Президент Атырау облысындағы жолдардың сапасын сынға алды

None
None
АТЫРАУ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысындағы жолдардың сапасын сынға алды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Президентінің twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Облыста 2 мың шақырымнан астам автокөлік жолы бар. Бірақ, оның тең жартысына жуығы нашар. Қалған 217 шақырым жолды жөндеу жұмысын 2021 жылдан кешіктірмей қолға алуды тапсырамын. Аталған жобаға қосымша 65 млрд теңге бөлінеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы өңірдегі гидротехникалық нысандардың ескілігіне де тоқталды.

«Халықты таза ауыз сумен қамтамасыз етуді айтпай кетуге болмайды. Гидротехникалық нысандар ұзақ уақыт бойы жөндеу көрмеген, жаңғыртылмаған. Өздігінен су шығарып жатқан 120 ұңғыма өңірдің су қорына айтарлықтай нұқсан келтіруде. Олар жойылуы тиіс!», - деді ол.

Еске сала кетсек, кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысына жұмыс сапарымен келгендігі туралы хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар