+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Президент Атырау облысы ауылдарын 2 жылдың ішінде таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырды

2021 жылғы 22 сәуір 15:02
Бөлісіңіз:
Президент Атырау облысы ауылдарын 2 жылдың ішінде таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алдағы 2 жылдың ішінде Атырау облысының барлық ауыл тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл туралы бүгін Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады Шығармашылық одақтар қаржылық қиындықтардан шыға алмай отыр - Қазыбек Иса Жеке тұрғын үй құрылысын дамытуға бағытталған  бағдарлама керек -Айқын Қоңыров

«Ауылдық жерлерде сапалы ауыз суға қолжетімділікті қамтамасыз етуге қатысты проблема әлі күнде дейін шешілген жоқ. Облыста 30 ауыл немесе ауылдық елді мекендердің жалпы санының 20 пайызы тиісті сападағы және толық көлемде ауыз сумен қамтамасыз етілмеген», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, биыл өңірде тек 7 ауылды ғана ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

«Бұл өте төмен қарқын. Үкіметке өңір әкімдігімен бірлесіп, 2 жылдың ішінде бұл мәселені толықтай шешуді тапсырамын», - деді ҚР Президенті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT