USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Президент Astana Group компаниясының басшысы Нұрлан Смағұловты қабылдады

2021 жылғы 19 қазан 15:50
Бөлісіңіз:
Президент Astana Group компаниясының басшысы Нұрлан Смағұловты қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Astana Group компаниясының негізін қалаушы әрі басшысы Нұрлан Смағұловты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
30 пайыздық квота Мәжіліс пен мәслихатта жастардың көбеюіне ықпал етті - Президент «Тәуелсіздік ұрпағы» грантының иегерлері белгілі болды ҚазАқпарат қызметкері «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын жеңіп алды

Кездесу барысында Мемлекет басшысына Astana Group компаниясының жұмысы мен даму перспективалары туралы ақпарат берілді.

Атап айтқанда, Нұрлан Смағұлов Қасым-Жомарт Тоқаевқа компаниялар тобының бюджетке төлеп отырған салық мөлшерінің 90 миллиард теңгеге дейін артқаны, экспорт тасымалының өскені, сондай-ақ жеңіл техника шығаратын зауытты кеңейтуге және Алматы қаласындағы бейнелеу өнері музейінің құрылысына қатысты жоспарын айтты.

Президентке «Мега» сауда орталықтарының халыққа екпе салу науқанына атсалысып жатқаны жөнінде мәлімет берілді. Нұрлан Смағұловтың айтуынша, аталған сауда орталықтарында 150 мыңнан астам адамға вакцина салынған.

Сонымен қатар бизнесмен Президентке бюджеті 1 миллиард теңге болатын өзінің қайырымдылық қорының қызметі туралы да айтты.

Қор мәдениет пен спортты дамытуға әлеуметтік-қаржылай қолдау көрсетіп, тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсетеді.

Бұдан бөлек Нұрлан Смағұлов еліміздің Велоспорт федерациясының президенті ретінде Мемлекет басшысына балалар мен жасөспірімдер спортының жағдайы және «Astana – Premier Tech» велокомандасының ребрендингі туралы баяндады.

Велокоманда 2022 жылдан бастап «Astana Qazaqstan Team» деп аталатын болады.

Қасым-Жомарт Тоқаев компанияның бастамаларына оң баға беріп, табыс тіледі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT