Президент әскери құрылымдардағы идеологиялық жұмыстардың тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әскери құрылымдардағы идеологиялық жұмыстардың тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Президенттің пікірінше, осыған дейін қол жеткен жетістіктерді сақтау үшін Қарулы күштердің қызметіндегі бірқатар басымдыққа көңіл бөлу қажет.

Атап айтқанда, әскердегі моральдық-психологиялық ахуалды және сарбаздардың жауынгерлік рухын көтеру аса маңызды.

«Қорғаныс министрлігіне мүдделі органдармен бірлесіп, 2021 жылғы 1 қарашаға дейін Қарулы күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардағы идеологиялық жұмыстардың тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырамын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысының төрағалығымен Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті.


Соңғы жаңалықтар