+7 (701) 759 90 19
USD 425.02 EUR 498.17
RUB 5.85 CNY 65.85
Jańalyqtar

Президент «Ashyq» жүйесіндегі карантин бұзушыларға талаптарды күшейтуді тапсырды

2021 жылғы 19 шілде 17:23
Бөлісіңіз:
Президент «Ashyq» жүйесіндегі карантин бұзушыларға талаптарды күшейтуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ashyq» жүйесі анықтаған карантин бұзушыларға талаптарды қатаңдатуды тапсырды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада 300-ге жуық кәсіпкерлік нысан «ASHYQ» көшбасшысы атанды Алматыда карантин талаптарын бұзған 14 мекеме иесі айыппұл төлейді Алматы облысындағы мониторингтік топтар 87 млн теңгеге айыппұл салды

«Бұған дейін айтқанымдай, біз пандемия жағдайында өмір сүріп, жұмыс істеуді үйренуіміз керек. Бизнес пен тұтынушылар үшін бұл «Ashyq» цифрлық шешімінің арқасында ғана мүмкін. Бағдарлама өз мақсатын ақтап келеді. Оған қоса, соңғы уақытта вирус жұқтырғандар мен байланыста болғандар, яғни қоғамдық орындарға баратын «қызыл» және «сары» мәртебесі бар адамдар саны артып келеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңесте.

Оның айтуынша, бағдарлама «қызыл» және «сары» мәртебелерді тіркегеннен кейін кей азаматтар басқа демалыс орнын іздеп кетеді.

«Шамасы, мұндай жауапсыз адамдар айыппұлдан қорықпайды, өйткені ешкім айыппұл салып отырған жоқ. Ал ЖСН мен иммундық мәртебе жүйеде тіркеліп жатыр ғой. Мұндай жауапсыздық жазалануы керек. Карантиндік шектеулерді сақтамағаны үшін талаптарды қатаңдатуды тапсырамын», - деді Қ. Тоқаев.

Айта кетейік, Президенттің қатысуымен еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес өтіп жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT