Президент: Арыстағы жағдай Қарулы Күштерде мәселелер қордаланғанын көрсетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан халқына Жолдауын жария еткен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан армиясына қойылатын талаптарды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алдымызда жаңа тұжырымдама негізінде қауіпсіз армия қалыптастыру міндеті тұр. Арыстағы жағдай Қарулы Күштерде салмақты мәселелер қордаланғанын көрсетті.

Барлық әскери шығындарды тәртіпке салып, армиядағы қаржылық және жалпы тәртіпті нығайту қажет. Оған қоса әскери қызметтің беделін, қарулы күштерді материалдық жабдықтауды арттыру керек.

Біздің армия кәсіби дайындықтан өткен, жабдықталған, Отанға адал офицер мамандардың және әскери қызметкерлердің күшімен жаңа геосаяси жағдайда елдің қауіпсіздігіне төнген қатерлерге төтеп беруі тиіс», - деді Президент.


Соңғы жаңалықтар