Президент АӨСШК мен ЕҚЫҰ әлеуетін ымыраға келтіру мүмкіндігін атап өтті

None
None
ДУШАНБЕ. ҚазАқпарат - Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес эволюциясы Еуразия құрлығындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үрдісін үйлестіруге ықпал ететін болады. Бұл жайлы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбеде өткен АӨСШК саммитінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«АӨСШК эволюциясы Еуразия құрлығындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үрдісін үйлестіруге ықпал етеді. Осы орайда жақында Бейжіңде сөз сөйлеген ҚР Тұңғыш Президентінің инклюзивтік дамудың жаһандық архитектурасын қалыптастыру туралы бастамасының өзектілігін атап өткім келеді. АӨСШК мен ЕҚЫҰ әлеуетін ымыраға келтіруді қамтамасыз ету Еуразиядағы ынтымақтастық жоспарын әзірлеу үшін аталған идеяның құрамдас бөлігі болып табылады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбеде өткен АӨСШК саммитінде.

Соңғы жаңалықтар