+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Президент АӨСШК Хатшылығының атқарушы директорын қабылдады

2021 жылғы 19 қазан 18:39
Бөлісіңіз:
Президент АӨСШК Хатшылығының атқарушы директорын қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президент АӨСШК Хатшылығының атқарушы директоры Қайрат Сарыбайды қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Президент Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжановты қабылдады Шавкат Мирзиёев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді Мемлекет басшысы халықаралық компаниялардың өкілдерімен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске Қазақстан төрағалығының бірінші жылының қорытындылары туралы мәлімет берілді. Сонымен қатар Хатшылықтың қазіргі қызметіндегі басым бағыттардың бірі ретінде форумның институционалдық дамуына қатысты жүргізіліп жатқан жұмыстарға ерекше назар аударылды.

Осы ретте, АӨСШК Хатшылығының атқарушы директоры Қайрат Сарыбай Мемлекет басшысына Ақылмандар кеңесін құруға және АӨСШК-тің Талдау орталықтарының форумын тұрақты жұмыс істейтін консультативтік алаң ретінде қайта құруға қатысты бастамаларының іске асырылуы туралы мәлімет берді.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа АӨСШК аясында Азия аумағындағы сенім мен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған 50-ге жуық іс-шара өткізілгені туралы айтылды.

Бұдан бөлек, Қайрат Сарыбай Мемлекет басшысына Кеңестің сыртқы саяси ведомство басшыларының жуырда болған кездесуінің негізгі қорытындылары мен 2022 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өтетін АӨСШК-тің VI Саммитіне дайындық жұмыстары туралы баяндады.

Қазақстан Президенті жоғары деңгейдегі алдағы жиынға тиянақты дайындалудың, соның ішінде маңызды мәселелер мен ұйымдастыру жұмыстарын пысықтаудың маңызды екеніне баса мән берді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT