Президент антиядролық саладағы Назарбаев сыйлығы не үшін тағайындалғанын айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат– ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығының» маңызына тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Тұңғыш Президенті әлемдік қоғамдастық тап болып отырған негізгі міндеттерді тұжырымдап, келешек ұрпақтың қауіпсіз болашағын құру қажеттігін айтқан болатын. Бүгін Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев мырза ядролық қарусыздану мен халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға орасан зор үлес қосты деп айта аламыз. Қазақстанның Тұңғыш Президенті адамзаттың алдында күрделі диллема тұрғанын әділ айтып отыр. Жаһандық тәуекелдерді жою үшін оларды дұрыс бағалау қажет. Болашақ ұрпаққа қандай әлем қалдырамыз дегенді ойлану керек», - деді ҚР Президенті.

Қ.Тоқаев атап өткендей, ядролық қаруға қарсы қозғалысқа серпін беру үшін 2016 жылы «Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығы» тағайындалды.

«Біз халықаралық құқық қағидаттарына сүйене отырып, белсенді диалогты дамыта беруіміз қажет. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді. Алдымызда тұрған міндеттерді бірге атқаруымыз керек. Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың антиядролық бастамалары бұл үдерістердің маңызды бағдары бола береді деп сенемін», - деді Мемлекет басшысы.

Еске салайық, бүгін елордада «Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығын» тапсыру рәсімі өтті.


Соңғы жаңалықтар