Президент «Аңсаған сәби» арнаулы бағдарламасын іске қосуды тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылдан елімізде «Аңсаған сәби» арнаулы бағдарламасы іске қосылады. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына Жолдауын жария еткен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үкіметке 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» арнаулы бағдарламасын бағдарламасын іске қосуды тапырамын. «Эко» бағдарламасымен квотаны 7 мыңға дейін, яғни, 7 есе көбейту қажет», - деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, елімізде өкінішке орай әрбір алтыншы отбасы бала сүю бақытынан айырылған.

«Әлеуметтік сауал салу қазақстандықтардың шамамен 20 пайызы «бұл ажырасуға үлкен себеп» санайтындығын көрсетті», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар