Президент AMANAT партиясынан кетіп, саяси уәдесін орындады – Ерлан Қарин

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекет хатшысы Ерлан Қарин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Amanat партиясынан кетуін саяси уәдені орындау ретінде бағалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«AMANAT партиясының съезі өтіп, ұйым Adal партиясымен бірікті. Мұның әсерінен билік партиясының электоралдық базасы кеңейіп, қоғамның реформалар төңірегіне шоғырлануы жалғасады. Жалпы бұл қадам AMANAT партиясының наурызда басталған трансформациясымен сәйкеседі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың AMANAT партиясына төрағалық етуді доғарып, партия құрамынан шығуы айтарлықтай жаңалық болғаны сөзсіз. Онымен бірге AMANAT бұрынғыдай президент бағытын ұстанушылардың шоғырлану ортасы болып қала береді. Мемлекет басшысы қаңтар айында партия төрғасының төрағалығы қызметінде кіріскен кезде бұл лауазымды уақытша ғана жыл соңына дейін қабылдағанын айтқанын атап өту керек. Саяси уәде орындалды», - деп жазды ол Telegram каналында.

Сондай-ақ, Конституцияға тиісті өзгеріс енгізілетінін еске салды.

«Оған қоса Мемлекет басшысы наурыз айындағы Жолдауында Конституцияда ел Президенті уәкілетіндегі адам саяси партия құрамында болмауы керек деген норманы бекітуді ұсынған болатын. Осылайша Президент Конституцияға осындай өзгерістің енгізілуін күтпестен өзі бастамашы болған саяси реформаны іс жүзінде бастап кетті», - деп жазды Мемлекет хатшы.

Айта кетейік, бүгін AMANAT партиясының ХХІІІ съезіне қатысқан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев партиядан шығу жөнінде шешім қабылдағанын мәлімдеп, төрағалықтан кеткен болатын.


Соңғы жаңалықтар