Президент әлеуметтік маңызды өнімдер бағасының өсіміне қатысты ведомстволарды сынға алды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік бағасына қатысты ведомстволар арасында тиісті үйлестіру шаралары жоқ екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көкшетауда, ең басты астықты өңірлердің бірінде, ұн бағасының өсімі елеулі түрде шарықтаған, яғни 47 пайызға жуық. Осы арқылы халықтың нақты табысын көтеру бойынша шараларымыз бекер болғандай. Бұл өз кезегінде баға қалыптасу бағатында тиісті бақылаудың жоқтығын көрсетіп отыр», - деді Президент Ақмола облысын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте.

Мемлекет басшысы жауапты министрлік тек бағаның өсу фактісін айтып, бұған валюта бағамының құбылмалығын, ауыл шаруашылығы өнімін өндірудегі маусымдық сипатты себепші етіп шектелетенін сынады.

«Ұлттық экономика министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі және Сауда және интеграция министрлігі арасында үйлестіру шаралары тиісті деңгейде емес», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент бұл бағыттағы жұмыстардан әкімдер шет қалғанын атап өтті.

«Тұрақтандыру қорлары азық-түлік тауарларының нарығына тұрақтындыру әсерін көрсетпей жүр. Бағаның шекті мәні бақыланбайды. Менің тапсырмам орындалмаған», - деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар