Президент әлемдегі ең ірі қаржылық-талдау компаниясының вице-президентімен кездесті

None
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - Президенттің америкалық іскер топтармен екіжақты кездесулері жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақорда баспасөз қызметінің мәліметінше , бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдегі ең ірі S&P Global қаржылық-талдау компаниясының вице-президенті Дэниэл Ергинмен кездескен.

Кездесу барысында энергетикалық қауіпсіздік саласының өзекті мәселелері мен еліміздің жаһандық бәсекеге қабілетін арттыру шаралары қарастырылды.









Фото: t.me/bort_01

Соңғы жаңалықтар