+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

Президент ақын Несіпбек Айтұлын 70 жасқа толуымен құттықтады

2020 жылғы 22 қыркүйек 17:50
Бөлісіңіз:
Президент ақын Несіпбек Айтұлын 70 жасқа толуымен құттықтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Несіпбек Айтұлын 70 жасқа толуымен құттықтады. Президенттің құттықтау хатын мерейтой иесіне Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сіз поэзия əлемінде өзіндік орны бар, егемен еліміздің жарқын жетістіктерін жыр жолдарымен өрнектеген, талғамы биік оқырманның жоғары бағасын алған ақын, сара сөздің шебері ретінде құрметке бөленіп отырсыз. Қазіргідей сын сағатта халқымызды сабырлы, ынтымақты болуға шақырып, азаматтық үн қосқан пайымды ой-пікірлеріңіз жұртшылықтың көңілінен шығуда.

Қазақ əдебиетінің дамуына қосқан елеулі үлесіңіз үшін Сізге алғысымды білдіріп, мерейтойыңызбен құттықтаймын! Өзіңізге зор денсаулық, шығармашылық табыс жəне əулетіңізге құт-береке тілеймін», – делінген Мемлекет басшысының құттықтау хатында.

Сонымен қатар Ақтоты Райымқұлова Несіпбек Айтұлын министрлік атынан да құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.


«Сіз төл əдебиетіміз бен мəдениетімізді байытуға өлшеусіз үлес қосып келе жатқан адуынды ақын, қажырлы қайраткерсіз. Ұзақ жыл асыл сөзбен қазақ руханиятына қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан мерзімді басылымдарда лауазымды қызмет атқарып, қалың оқырманның көкжиегін кеңейтетін мазмұнды материалдардың жарық көруіне сүбелі үлес қостыңыз. «Жүректегі жаңғырықтар», «Әке туралы сыр», «Жаңбыр әні», «Түнделеп ұшқан тырналар», «Рухымның падишасы», «Мұқағали-Желтоқсан» жəне тағы басқа көркем сөзбен көмкерілген мағыналы кітаптарыңызбен поэзияда тың құбылыс қалыптастырдыңыз. Əлем жазушыларының таңдаулы шығармаларын ана тілімізде сөйлетіп, талғампаз оқырманның ыстық ықыласына бөленіп келесіз. Алдағы уақытта да еселі еңбегіңіз берекелі болып, толайым шығармашылық жетістіктерге қол жеткізе беруіңізге тілектеспін», – деді министр.

Өз кезегінде Несіпбек Айтұлы Мемлекет басшысына алғысын айтып, сындарлы кезеңді біртұтас халық болып бірге еңсеретінімізге сенім білдірді.

Айта кетейік, Несіпбек Айтұлы белгілі ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (2012), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2011), «Парасат» орденінің иегері (2004).


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT