Президент Ақтауда ілініп тұрған өз суреттеріне қатысты: Мұндай насихатқа мұқтаж емеспін

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстауға сапары барысында жұртшылықпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың Твиттердегі парақшасына сілтеме жасап.

«Ақтауда менің суретім бейнеленген 14 билборд ілініп тұрғанын естідім. Менің ойымша, бұл - мүлде орынсыз, мен мұндай насихатқа мұқтаж емеспін. Мұндай әкімшілік ыждаһаттылық неменеге керек?», - деді Мемлекет басшысы кездесу барысында.

«Билбордтарды Елбасы бас болып, қол жеткізген шынайы жетістіктерімізге арнаған жөн. Мен барлық деңгейдегі әкімдерге осыны тапсырамын», – деп қатаң тапсырды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар