Президент: АҚШ пен Жапонияға тікелей әуе рейстері биыл ашылуы тиіс

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Америка Құрама Штаттары мен Жапонияға тікелей әуе рейсін ашу мәселесі биыл шешілуі тиіс. Мұндай міндетті бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбекке берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Авиаторларға, ең алдымен «Эйр Астана» компаниясына біздің негізгі инвесторларымызға қарай әуе байланысын іске қосу міндетін жүктеу қажет. Қазір Еуропаға ұшамыз. Енді Құрама Штаттарға, Жапонияға ұшуымыз қажет. Ол үшін не істеу керектігін қараңыз, қолдау көрсетіңіз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев министр Қасымбекке қарата айтқан сөзінде.

Мемлекет басшысы бастапқы уақытта бұл бағыттағы әуе рейстерінен пайда түспеуі мүмкін екендігін де ескертті.

«Ұшақ сатып алуға, немесе қолданыстағы ұшақтарды пайдалану мәселесіне көмек беру керек. Бұл мәселе биыл шешілуі тиіс», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар