Президент: АҚШ Қазақстанның жетекші бизнес серіктестерінің қатарына кіреді

None
None
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа жұмыс сапары барысында ірі бизнес өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Президенттің Twitter парақшасына сілтеме жасап.

«АҚШ-тың ірі бизнес өкілдерімен кездесуде екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды дамыту жөнінде сындарлы диалог болды. АҚШ дәстүрлі түрде Қазақстанның жетекші бизнес серіктестерінің қатарына кіреді. Ынтымақтастығымыздың келешегі зор екені сөзсіз», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен АҚШ-та жүр. Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркте белгілі америкалық саясаткерлермен және сарапшылар қауымдастығының өкілдерімен кездесті. Жиынды АҚШ-тағы ықпалды талдау орталығы саналатын «Atlantic Council» («Атлантикалық кеңес») ұйымы ұйымдастырған.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті «Bloomberg» ақпарат агенттігінің басшысы Майкл Блумбергпен кездесіп, Қазақстан мен «Bloomberg» ақпарат агенттігі арасындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады.


Соңғы жаңалықтар