Президент ӘКК-лерді сәуірдің 1-іне дейін жергілікті атқару органдарының қарауына беруді тапсырды

None
None
аурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Ақордада өткен кеңесте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларды (ӘКК) сәуірдің 1-іне дейін жергілікті атқару органдарының қарауына беруді тапсырды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ӘКК-лерді береміз, содан кейін заңға түзету енгіземіз. Жедел түрде беру керек»,-деп тапсырды Мемлекет басшысы.

Елбасы ӘКК-лерді құру иедясы дұрыс екенін, алайда ол соңына дейін жеткізілмегенін айта келе: «Шілденің 1-іне дейін күтудің қажеті жоқ. Егер шілденің 1-іне дейін болса оны мүлдем тоқтатайық. Мен білемін, шілдеге дейін осының айналасында жүріп, ештеңе істемей жүресіздер. Бұны қазір, яғни сәуірдің 1-іне дейін істеу қажет»,-деп қадап айтты Президент.

Сонымен бірге Мемлекет басшысы Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларда жұмыс істеген адамдардан топ құрып, олар индустриялдық істермен айналысып, бизнесті дамытулары тиіс екенін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар