Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі тағайындалды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Мұхтарұлы Тұрғаналы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

Бұл туралы ҚазАқпарат БОРТ №1 Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Руслан Мұхтарұлы Тұрғаналы 1986 жылы Жамбыл облысында туған.

2008 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін, 2016 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Ноттингем университетін бітірген. Мамандығы бойынша халықаралық құқық бакалавры, мемлекеттік саясат магистрі.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009-2011 жылдары Заңнама, Заңға тәуелді актілер департаменттерінде сарапшы, бас сарапшысы болып қызмет еткен.

2011 жылы Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқық бөлімінің сарапшысы болып қабылданып, кейіннен осы бөлімнің консультанты, инспекторы лауазымдарында қызметін атқарды.

2016-2018 жылдары Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің инспекторы, сектор меңгерушісі болып жұмыс істеген. 2018-2019 жылдары Ұлттық экономика министрлігінің Адами ресурстармен жұмыс істеу департаментін басқарған.

2019 жылғы маусымда Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің сектор меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

2021 жылғы шілдеден бастап Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімі меңгерушісінің орынбасары.


Соңғы жаңалықтар