+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 454.18
RUB 5.81 CNY 57.66
Jańalyqtar

Президент Әкімшілігінің қызметкерлері біркүндік жалақыларын коронавируспен күреске аударды

2020 жылғы 18 наурыз 19:03
Бөлісіңіз:
Президент Әкімшілігінің қызметкерлері біркүндік жалақыларын коронавируспен күреске аударды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Әкімшілігінің қызметкерлері біркүндік еңбекақыларын еліміздегі коронавирустың таралуына қарсы күреске көмек ретінде аударуға шешім қабылдады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Аударылған қаражат елорда мен Алматы қалаларының пандемия салдарын өз бастарынан өткерген тұрғындарға беріледі. Сонымен қатар жиналған қаржы коронавирусқа қарсы күреске атсалысып жатқан медицина қызметкерлерін ынталандыруға да жұмсалады. Бұл қаражаттың бір бөлігін жұқпалы аурулар ауруханаларын қолдауға, маскалар мен басқа да қажетті қорғаныш құралдарын сатып алуға жұмсау жоспарлануда. Бұдан бөлек балалар үйлеріне де көмек көрсетіледі», - деп жазды Б.Уәли Facebooк-те.

Еске салайық, коронавирус инфекциясының таралуына байланысты Қазақстанда 16 наурыз бен 15 сәуір аралығында төтенше жағдай жарияланды.

Ал 19 наурыздан бастап инфекция тіркелген екі қалада - Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин режимі енгізіледі.

Осы уақытқа дейін Алматы қаласында инфекцияға шалдыққан – 18, Нұр-Сұлтан қаласында - 18 адам, жалпы 36 науқас тіркелді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT