+7 (701) 759 90 19
USD 387.16 EUR 428.47
RUB 6.08 CNY 55.13
Jańalyqtar

Президент Әкімшілігінің қоғамдық қабылдауына жүгінуге болатын YouTube-канал ашылды

2019 жылғы 11 қараша 10:21
Бөлісіңіз:
Президент Әкімшілігінің қоғамдық қабылдауына жүгінуге болатын YouTube-канал ашылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Әкімшілігінің қоғамдық қабылдауына жүгінуге болатын YouTube-канал ашылды. Арнаны елімізге белгілі заңгер Абзал Құспан таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Президент Әкiмшiлiгi тұрғындардың кезекті арыз-шағымын қарады Елбасы Түркістандағы қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмысымен танысты Президент Әкімшілігінің қоғамдық қабылдауына қалай жазылуға болады

«Бұл жобаның идеясы қайдан шықты? Биылғы тамыз айында ҚР Президенті жанынан Аида Балаеваның жетекшілік етуімен ҚР Жоғарғы сотының, Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің, басқа да ведомстволардың қатысуымен азаматтарды қабылдау қоғамдық комиссиясы құрылған болатын. Бұл қоғамдық комиссияға азаматтар республиканың түкпір-түкпірінен өз арыз-шағымын айтып келеді. Нақты жеке қабылдау барысында олардың проблемалары аталған тұлғалар мен облыс әкімдері, өңір басшыларының селекторлық кеңесі арқылы шешіліп отырады», - деді заңгер комиссияның YouTube арнасында.

Абзал Құспан қоғамдық комиссияға кіру туралы Президент Әкімшілігінен түскен ұсынысты қабылдағанын айтады.

«Өйткені, заңдық-құқықтық мәселелер кейінге қалдыруды, жүйенің немесе саясаттың өзгеруі сияқты себептерді күтіп тұра алмайды. Олар нақты осы жерде, осы сәтте шешілуі тиіс. Комиссия құрамына Президент Әкімшілігінің арнайы шақыруымен ҚР Адвокаттар қауымдастығы атынан қатысып отырмын. Жиын барысында әр азаматтың мәселесі жеке талданып, талқыланып, проблемалардың мейілінше оң шешілуіне жағдай бар. Әр азаматтың жағдайы әртүрлі болғанымен мәселелері ортақ. Оны шешу жолдары ортақ. Өзімнің заңгерлік көмегімді беріп отыру керек деп шештім. Аида Ғалымқызының басшылығымен болатын осы комиссия ешкімді алаламай, бөліп-жармай, әр азаматтың мұң-зарын тыңдап, мәселелерді шешеді», - деді ол.

Әр азамат өз мұң-мұқтажын, мәселесін осы YouTube арнада қалдырса болады. Ол үшін астына пікір қалдыру керек. Арнада Абзал Құспанның WhatsApp нөмірі де көрсетілген.

Еске сала кетсек, бұған дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің қоғамдық қабылдауына қалай жазылуға болатынын жазған едік.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам, Заң,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT