Президент Әкімшілігінің басшылығы Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің басшылық құрамы Рейхстагқа бірінші болып ту тіккен қазақ халқының ұлы перзенті, «Халық Қаһарманы» Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойып, қазақстандық жауынгерлердің рухына тағзым етті.

Салтанатты шараға Президент Әкімшілігінің Басшысы Мұрат Нұртілеу мен Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Аида Балаева қатысты.

Еске салайық, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин, Сенат спикері Мәулен Әшімбаев пен Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Жеңіс күні мерекесіне арналған іс-шараларға қатысты.


Соңғы жаңалықтар