Президент Әкiмшiлiгi тұрғындардың кезекті арыз-шағымын қарады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада ҚР Президенті Әкімшілігінің қоғамдық қабылдау бөлімі кезекті рет азаматтардың арыз-шағымдарын қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қабылдауды ҚР Президентінің көмекшісі — ҚР Президентi Әкiмшiлiгiнiң Өтiнiштердi қарауды бақылау бөлiмiнiң меңгерушiсi Аида Балаева және арнайы жұмыс тобы жүргізген.

Әкімшіліктің хабарлауынша, таңғы 10:00-ден бастап, республиканың барлық өңірінен 102 адам қабылданды. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласынан 55, Алматы қаласынан – 9, Шымкенттен – 6, БҚО – 6, Түркістан облысы – 4, ШҚО, Қостанай, Алматы, Маңғыстау облыстарынан – 2, Жамбыл, Ақтөбе, Қызылорда облыстарынан – 1 тұрғын келген.

Олар құқық қорғау және сот қызметі (55), жергілікті атқару органдары (27), Денсаулық сақтау министрлігі (7), Ұлттық банк (6), Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (6), Әділет министрлігі (5), Еңбек (5), БҒМ (4), Ауыл шаруашылығы (1) министрліктерінің құзіретіндегі мәселелерді көтерген.

Сонымен бірге, бұл қабылдауда жеке сот істері көп талқыланған. Олардың басым бөлігі медицина саласына қатысты және жергілікті сот органдарына көңіл толмаушылық, тұрғын үй мәселелері көтерілген.

Соңғы жаңалықтар