Президент әкімдердің актілерінің күшін жоя алады - Игорь Рогов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Президент облыс және қала әкімдері шығарған актілердің күшін жоя алады. Бұл туралы бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Конституциялық Кеңес басшысы Игорь Рогов мәлім етті, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Отырыс барысында ҚР Парламентінің депутаты Серік Бектұрғанов осы бапқа қатысты сауал қойған болатын.

«Конституциялық өзгерістер туралы заң жобасында Президент облыс, қала және Астана әкімдерінің актілерін толық немесе жартылай тоқтата алады деп көрсетілген. Сонымен қатар Конституцияның өзге де баптары бойынша Үкімет облыс, қала және Астана әкімдерінің актілерін толық немесе жартылай тоқтата алады деп жазылған. Осы екі бап бір-бірімен бәсекелесіп, кейін бірқатар қайшылықтарға алып келмей ме?», - деп сұрады депутат.

Өз кезегінде, Конституциялық Кеңес басшысы ондай қайшылықтар болмайтынын атап өтті.

«Бұл баптар жаңадан енгізілген баптар емес, олар қазіргі Конституцияда да бар. Бұндай құзыр қалдырылды. Тәжірибемізде ондай бәсекелестіктер орын алған емес», - деп жауап берді Игорь Рогов.

Айта кетейік, бүгін Парламенттің бірлескен отырысында «ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқылануда.

Отырыс басында ҚР Президенті баяндама жасады.

Соңғы жаңалықтар