Президент Ахмет Ясауи кесенесін аралап, Түркістандағы құрылыс жұмыстарымен танысты

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алғаш рет іс-сапармен Түркістан қаласына келді. Мемлекет басшысы әуелі Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне ат басын бұрып, «Әзірет Сұлтан» қорық-музейін жаңғырту жоспарымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жұмыс сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлы Дала елі» орталығы мен әкімшілік-іскерлік орталықтағы облыстық әкімдіктің, басқармалар ғимараттарының құрылысын аралап көрді. Сондай-ақ, жаңадан салынып жатқан Конгресс холл мен Медиа орталықтың құрылыс барысымен танысты.

Айта кетейік, «Ұлы Дала елі» орталығының жалпы аумағы - 1,32 гектар. Атырау облысы тарту ететін ғимарат 2020 жылы пайдалануға берілмек. Ал облыстық әкімдік пен басқармалар, департаменттер ғимараттарының құрылысына жауапты әрі орындаушы - «BI group» компаниясы. Бұл ғимараттардың құрылысы ағымдағы жылы аяқталады деп күтілуде. Конгресс-холлдың аумағы 3,1 гектар жерге салынуда. Оның құрылысын жүргізіп жатқан «BI group» ЖШС нысанды 2020 жылы пайдалануға береміз деп отыр.

null

Сондай-ақ Алматы қаласы салуға тиісті Медиа орталық биыл желтоқсан айында пайдалануға берілмек. Оның жалпы аумағы - 1,56 гектар.

null null

Соңғы жаңалықтар