USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Президент агроөнеркәсіп кешені еңбеккерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

2021 жылғы 21 қараша 17:25
Бөлісіңіз:
Президент агроөнеркәсіп кешені еңбеккерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президент Қасым-Жомарт Тоқаев агроөнеркәсіп кешені еңбеккерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев митингте ұсталғандар жайлы: Жауапкершілікті ауырлататын мән-жай болмаса жазаны жеңілдеткен жөн Президент Жарлығымен әскери қызметші Сәндібек Қайыров «Айбын» орденімен марапатталды Тоқаев ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің басшыларымен телефон арқылы сөйлесті

«Агроөнеркәсіп кешені еңбеккерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Бұл – Қазақстанның экономикасы үшін стратегиялық маңызы бар сала. Ауыл шаруашылығына озық технологияларды енгізіп, сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыру – мемлекеттің басты міндеті», деп жазды Президент Twitter -дегі парақшасында.

Еске сала кетсек, қарашаның үшінші жексенбісінде ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні аталып өтеді.

Ауылшаруашылық саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесін атап өту дәстүрі кеңес заманынан бері сақталған. 1988 жылы КСРО Жоғарғы кеңесі президумының жарлығымен қарашаның үшінші жексенбісі Ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні деп бекітілген.

Тәуелсіз Қазақстан дәстүрді сақтап, 1998 жылы мерекені атап өту датасын заңнамалық деңгейде қарашаның үшінші жексенбісіне бекіткен. Кәсіби мерекені қазақстандықтармен бірге Украина және Беларусь елдерінің ауылшаруашылық қызметкерлері де атап өтуде.







Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT