Президент аграрлық секторды экономикалық дамудың негізгі қозғаушы күші деп атады

2016 жылғы 29 қаңтар, 19:04
Президент аграрлық секторды экономикалық дамудың негізгі қозғаушы күші деп атады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада өтіп жатқан «Нұр Отан» саяси партиясының кезектен тыс XVII съезінде Мемлекет басшысы аграрлық секторды экономикалық дамудың негізгі қозғаушы күші деп атады.

«Бүгінде біз өндірістік өнімдерді субсидиялауға көштік, бұл ауыл шаруашылығына арналған жерлерді есеппен пайдаланып, аграрлық кешеннің жұмысын жақсартуға мүмкіндік береді. Жаңа технологиялар мен өндірістердің инфрақұрылымдары ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін 1,5 есеге өсіруі керек»,-деді Елбасы.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Астанада жоғары технологиялар, биомедицина мен геология сынды үш ғылыми-технологиялық кластерді дамытудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, Алматының инновациялық технологиялар паркінде кемінде 2 жаңа экспортқа бағытталған бағыт, өңірлік стартап-хаб пен трансұлттық корпорациялардың қатысуымен 5 технологияны дамыту орталықтары құрылатынын атап өтті.

«Сандық технологиялардың революциясы әлемнің қазіргі «тәртібі» үшін үлкен тәуекел болып тұр. Мысалы, 2020 жылға қарай сандық технология өндіретін державалар 5 млн жұмыс орнынан айырылуы мүмкін. Сондықтан, бала бақшадан бастап кәсіптік білімге дейін, қызметкерлерді үнемі оқытып, біліктілігін жетілдіріп отыруға инвестиция құю керек. Бұған тек мемлекет қана емес, әрбір адамның өзі де атсалысуы керек. Бизнес болашақты ойлап жұмыс істеп, бұл бағытқа қаржы құйып, жұмыс орындарын ашып отыруы керек»,-деді Президент.

Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar