Президент АЭС құрылысы туралы: Халықтың пікірінсіз шешім қабылданбайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Семей қаласының зиялы қауым өкілдерімен кездескен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атом электр стансасының құрылысына қатысты ойымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақорданың твиттердегі парақшасына сілтеме жасап.

«Атом электр стансасының құрылысы тақырыбы қоғамда үлкен резонанс пен пікірталас тудырып отыр. Бұл проблема өте күрделі. 2030 жылға қарай Қазақстан электр энергиясы тапшылығына душар болады. Сондықтан бұл проблеманы қазір шешуіміз қажет», - деді ҚР Президенті.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы атом электр стансасының құрылысы халықтың басым бөлігінің пікірінсіз қолға алынбайтындығын баса айтты.

«Бұған қоса, ел халқының басым бөлігінің пікірі ескерілместен АЭС құрылысы туралы шешім қабылданбайды. Бұл бүкіл халқымыздың мүддесіне қатысты бар барынша өзекті мәселе және олардың пікірлері қаперге алынады», - деді Қ.Тоқаев.

Еске сала кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарын Семей қаласынан басталғандығы және Семей қаласының зиялы қауым өкілдерімен кездескендігі туралы хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар