+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Президент Абайдың жаһандық ынтымақтастыққа қатысты формуласын әлем елдеріне жеткізді

2020 жылғы 23 қыркүйек 20:16
Бөлісіңіз:
Президент  Абайдың жаһандық ынтымақтастыққа қатысты формуласын әлем елдеріне жеткізді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпы саяси дебаттары барысында Абайдың жаһандық ынтымақтастыққа қатысты формуласын әлем елдеріне жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қырғи-қабақ соғыстан кейін қарапайым адамның мүддесін көздейтін шын мәніндегі халықаралық жүйе құратын керемет мүмкіндікті пайдалана алмадық. Мұны мойындауымыз керек. Болашақ ұрпақтың тағдыры бірінші кезекте біздің, яғни мемлекет басшыларының осы жағдайдың туындау себебін қалай түсінуімізге байланысты болып отыр», - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы «Жаңа әлем» парадигмасын құруға байланысты ортақ адамгершілік парызды атқару мәселесін ойлануымыз қажеттігін баса айтты.

«Қазіргі таңда адамзат үшін маңызды тарихи өзгеріс жасайтын кез келді деп санаймын. БҰҰ-ның құрылуынан жүз жыл бұрын дүниеге келген қазақтың ұлы ақыны, философ Абай Құнанбайұлы табысты жаһандық ынтымақтастыққа қатысты «Адамзатқа не керек: сүймек, сезбек, кейімек, қарекет қылмақ, жүгірмек, ақылмен ойлап сөйлемек» деген өзінің формуласын ұсынған болатын. Ақынның бұл ой-пікірін «өзара үйлесімге қол жеткізу үшін адамзатқа сүйіспеншілік, рақымшылық, батыл әрекеттер және байыптылық керек» деп түсінуге болады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT