+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Президент Абайдың мерейтойы туралы: Ысырапшылдық керек емес

2020 жылғы 24 қаңтар 11:52
Бөлісіңіз:
Президент Абайдың мерейтойы туралы: Ысырапшылдық керек емес

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абайдың 175 жылдығына арналған шаралар қандай бағытта өтуі керектігін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қажеті болса бөлінген қаржыны қысқарту керек. Ысырапшылдыққа жол бермеу қажет, той деген тойлау үшін емес, бәрімізге толғау үшін керек. Сондықтан бұл шараларда ұқыптылық болу керек, яғни шектен тыс концерттерді ұйымдастырудың қажеті жоқ. Шетелдік әртістерді тарту қажет емес. Яғни, демеушілік қаржы бөлінгеннің өзінде, ысырапшылдық керек емес. Менің ойымша, осы шараларды іскерлік тұрғыда өткізуге болады. Сіз әкімдердің арасында ең тәжірибелі адамсыз. Осы орайда, Абайдың 175 жылдығын атап өту аясында ұйымдастырылатын барлық шараларды мұқият пысықтап шығыңыздар», - деді Президент Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовке қарата айтқан сөзінде.

Мемлекет басшысы аталған шараларға ағартушылық бастауды енгізуді тапсырды.

«Бұл шаралар тәжірибелік маңызды, идеологиялық жүктемін қамтуы керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT