Президент 4 қаңтардан бері 120 сағат үздіксіз жұмыс істеді – Берік Уәли

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 4 қаңтардан бері 120 сағат бойы үздіксіз жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы ол «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жоғарыда атап өткенімдей, 4 қаңтардан бері Мемлекет басшысы 120 сағат Ақордада үзіліссіз жұмыс істеп жатыр. Президент жұмысының соңғы аптадағы хронологиясына қарасақ, берілген тасырмалардың бәрі, шығарған шешімдері, өткізген жиналыстары, тіпті күннің жұмыс уақытына байланбай, үздіксіз, түннің бір уағында, тіпті түнгі сағат 2.00-де Жарлыққа қол қойып, таңғы 7.00-де жиналыс өткізіп жатыр. Күштік құрылымдардың басшыларын ауыстырып жатыр. Оның бәріне заң органдары, тергеу органдары бағасы бере жатар. Ең бастысы, Президент осының бәрін бағамдап, мемлекеттің басына күн туған кезде опасыздыққа барғандарды анықтап алып тапсырма берді деп ойлаймын», - деді Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы.

Осы сұхбатта Берік Уәли Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы елдерінің әскері бір аптаның айналасында елдеріне қайтатын айтты.


Соңғы жаңалықтар