Президент «100 жаңа есім жеңімпаздарына» креативті экономика туралы ойын айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуінде креативті экономиканы дамытудың маңыздылығына тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қоғамдық-саяси саладағы табанды өзгерістер белсенді азаматтардың саясатқа қатысуы мен маңызды мемлекеттік шешімдер қабылдауы үшін кең перспективалар ашады. Біздің ұлт креативті индустрияны дамытуда зор әлеуетке ие. Қазіргі кезеңде шығармашылық экономика миллиардтаған долларлық инвестицияларды тартады, сіздер бұл туралы жақсы білесіздер. Креативті экономика орнықты экономикалық өсім мен әлеуметтік прогрестің маңызды құрамдас бөлігіне айналып келеді. Қазақстандық мәдени толқын өңірлік және жаһандық деңгейде өз жолын сенімді бастады. Біз өз мәдениетімізді әлемге таныту және ілгерілету үшін қолда бар мүмкіндіктерді сауатты пайдалануымыз керек. Сондықтан мен Үкіметке осы стратегиялық маңызды саланы қолдау үшін кешенді шаралар қабылдауды тапсырдым», -деді Президент.


Соңғы жаңалықтар