Президент 1 қыркүйекке дейін елге кіргізілген автокөліктерге қатысты мәлімдеме жасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында Қазақстанға заңсыз кіргізілген көліктерді тіркеу үшін біржолғы шешім жасауды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Автокөлік сатып алу кезінде төленетін алым-салық мәселесіне жеке тоқталайын. Кейбір жақын шетелдерден әкелінген автокөліктерге қатысты түйткілдер баршаға мәлім. Заң аясынан тыс қалып отырған мұндай көліктер қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіруде. Заңсыз көлік әкелетін амал-тәсілдің бәріне тосқауыл қою үшін батыл шаралар қабылдау қажет», - деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда Президент биылғы 1 қыркүйекке дейін елге әкелінген автокөліктерге қатысты ахуалды реттеу керек екенін атап өтті.

«Оларды заңдастыру мақсатында утилизация және алғашқы тіркеу үшін төленетін қаржы көлемін 200-250 мың теңгеден асырмай, бәріне бірдей және бір реттік алым алуды ұсынамын. Бұл – іздеу салынбаған және кеден рәсімдерінен өткен көліктерге ғана қатысты шара», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



Соңғы жаңалықтар