Премьер-Министрдің орынбасары: Омикронды жұқтыру көрсеткіші пандемия басталғалы рекордқа жетті
2022 жылғы 18 қаңтар 17:56

Премьер-Министрдің орынбасары: Омикронды жұқтыру көрсеткіші пандемия басталғалы рекордқа жетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов елдегі омикрон штамының таралуы жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Баршаңызға мәлім, соңғы күндері Қазақстанның барлық өңірлерінде эпидемиялық ахуал күрт нашарлады. Бұған бірден бір себеп - елімізде «Омикрон» штамының таралуы. Бұл желтоқсан айында жасалған зерттеулердің қорытындысы бойынша да дәлелденді. Жалпы, әлем бойынша ауру санының кезекті рет күрт артуына өздеріңіз де куә болып отырсыздар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, Еуропада соңғы екі аптада ауру саны өсті. Оның ішінде халықтың 50% «омикронмен» ауырып жатыр», - деді Е. Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Спикердің айтуынша, аурушаңдықтың артуына халықтың белсенді ішкі және сыртқы көші-қоны, ұзақ мерекелік күндер сондай-ақ елдегі толқулар да ықпал еткен.

«Омикронды әдеттегі маусымдық вирустық инфекция деп ойлайтын дар бар. Бұл штамды қарапайым тұмау деп қабылдауға болмайды. Омикрон штамының ерекшелігі – тез жұғатынында және оны қайта жұқтыру қаупі жоғары. Таралу коэффициенті 1-5. Ол Дельта нұсқасынан 70 есе жылдам таралады. Мәселен, соңғы тәулікте ғана 9 700 жағдай тіркелген. Соңғы айда коронавирус инфекциясын жұқтыру 20 есеге өсті. Мұндай тәуліктік көрсеткіш пандемия басталған сәттен бері тіркелмеген», - деді Е. Тоғжанов.


Jańalyqtar

MURAǴAT