+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Премьер-Министрдің орынбасары есірткі қылмысымен күрес бойынша кеңес өткізді

2021 жылғы 24 қыркүйек 09:37
Бөлісіңіз:
Премьер-Министрдің орынбасары есірткі қылмысымен күрес бойынша кеңес өткізді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Мемлекет басшысының елдегі есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы іс-қимылға қатысты тапсырмасын орындау бойынша арнайы кеңес өткізді. Бұл туралы Үкіметтің сайты хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
ҰҚШҰ елдері ауған есірткісіне қарсы операция жүргізеді Атырауда заңсыз айналымнан 4 мыңнан астам психотроптық дәрі алынды ШҚО-да синтетикалық есірткі саудасымен айналысқан ер адам ұсталды

«Бүгінгі таңда есірткі қылмысы мен нашақорлық мәселесі өте өзекті. Өкінішке орай, жаңа синтетикалық есірткінің негізгі тұтынушылары – жастар. Тек осы жылдың өзінде елімізде 8,5% өсіммен 5 мың есірткі қылмысы анықталды. Бізге бұл бағытта күресу үшін жүйелі шаралар қажет», — деп атап өтті Е. Тоғжанов.

Құқық қорғау және салалық мемлекеттік органдарға бірқатар тапсыма берілді:

- телекоммуникация желісінде, оның ішінде интернет-боттарды және басқа да автоматты бағдарламаларды пайдалана отырып жасалатын есірткі қылмысының жолын кесу;

-тиімді мемлекеттік және әлеуметтік бақылауды белгілей отырып, нашақорлықтың бастапқы профилактикасының теңгерімді жүйесін құру;

-есірткіге тәуелді адамдарды емдеу әдістерін жетілдіру, аумақтық сот сараптамасы органдарының мемлекеттік есірткі диспансерлерін материалдық-техникалық жарақтандыруды жақсарту;

-құрамында есірткі бар өсімдіктердің өсу ошақтарын анықтау үшін қашықтан зондтау жүйелерін пайдалануды кеңейту;

-есірткі заттарын шетелден әкелуге жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау.

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары елдегі есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы жүйелі шаралар әзірлеу үшін ведомствоаралық жұмыс тобын құруды тапсырды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT