Премьер-Министр: «Жайлы мектеп» жобасы оқушылардың сөмкесін жеңілдетеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының аясында бой көтеретін мектептер заманауи интерьермен жобаланады. Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы мектептердегі орын тапшылығын болдырмауға, апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектептер мәселесін шешуге бағытталған. Жайлы мектептердің айырмашылығы – олар бірыңғай стандарттар бойынша жобаланады. Яғни, пәндік кабинеттер, компьютерлік сыныптар, зертханалар мен шеберханалар – бәрі бірыңғай стандарттар негізінде жабдықталатын болады. Мектептер заманауи интерьер бойынша жобаланады», - деді Үкімет басшысы.

Сонымен қатар, ол жоба аясында бастауыш және жоғары сыныптарға арналған бөлек блоктар қарастырылғанын атап өтті.

«Әр блоктың өз асханасы мен спорт залы болады. Мектеп ішінде оқулықтар мен жеке заттарды сақтауға арналған жеке шкафтар орнатылады. Осылайша оқушылардың ауыр сөмкесін біршама жеңілдетуге мүмкіндік туады», - деді Әлихан Смайылов.


Соңғы жаңалықтар