Премьер-Министр Қытай, Иран бағытында астық тасымалдау мәселелері бойынша тиісті инфрақұрылымды іске қосу шараларын күшейтуді жүктеді

None
None
АНА. Қарашаның 3-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Қытай, Иран бағытында астық тасымалдау мәселелері бойынша тиісті инфрақұрылымды іске қосу шараларын күшейтуді жүктеді,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Үкімет отырысында мәлім болғандай, Иран бағытындағы  астық терминалының құрылысы алдағы жылы аяқталады.

 «Біз Қытай бағытындағы нарықты алдағы уақытта игереміз. Осы орайда теміржол құрылысы бойынша, яғни «Қорғас-Жетіген» жаңа жолының инфрақұрылымында сол бағыттағы терминал салу керек. Біз қазір Қытай, Иран бағыты бойынша Парсы шығанағы аумағына астық тасымалдау мәселелерін шешудеміз. Барлық инфрақұрылымды іске қосу бойынша қолда бар күштерді жұмылдыру керек»,  деді Үкімет басшысы.

Соңғы жаңалықтар