Премьер-Министр көмір жеткізу бойынша тапсырма берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде өндірілетін көмірдің көлемі жеткілікті, сондықтан көмірмен қиындықтар болмауы керек. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өңірлердің әкімдері екі апта мерзімде белгіленген тәртіппен көмір дайындау және сату пункттерінің инфрақұрылымының қазіргі жағдайын, жеткізу графиктерін, бағалардың негізділігі мен сатылатын көмірдің сапасын тексеруді жүргізсін. Бізде өндірілетін көмірдің көлемі жеткілікті, сондықтан көмірмен қиындықтар болмауы керек»,- деді Үкімет басшысы.

Осы ретте Асқар Мамин Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне Қазақстан темір жолы компаниясымен бірлесіп, көмір жеткізу үшін вагондардың жеткілікті болуын қамтамасыз етуді тапсырды.

«Өңірлерде кәсіпорындардың жеткізілген газ бен көмір үшін және тұтынушылардың коммуналдық қызметтер үшін дебиторлық берешегін өтеу жөніндегі жұмыстар күшейтілсін. Жалпы Энергетика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері өңірлер әкімдіктерінің барлық объектілерді жылыту маусымына дайындау жұмыстарын аяқтауын бақылауға алып, мониторингтеуді қамтамасыз етсін. Бұл мәселені Үкімет үнемі бақылауда ұстайды», - деді Премьер-Министр.


Соңғы жаңалықтар