+7 (701) 759 90 19
USD 425.59 EUR 505.43
RUB 5.61 CNY 64.83
Jańalyqtar

Премьер-Министр Кеңсесі басшының орынбасары тағайындалды

2020 жылғы 21 қазан 10:00
Бөлісіңіз:
Премьер-Министр Кеңсесі басшының орынбасары тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Өкімімен Биахметов Асқар Сақтағанұлы ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Асқар Биахметов 1975 жылы Ақтөбе облысында туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша, ҚАЗГЗУ «Құқықтану» мамандығы бойынша, ҚР Президенті жанындағы МБА ҰМСМ магистратурасын «Саясаттану» мамандығы бойынша және Дьюк университетін бітірген.
1993–2004 жж. — облыстық қаржы басқармасында, «Профилакторий» ПК, Салық комитетінде, қалалық әкімдікте, сондай-ақ Ақтөбе облысының қазынашылық және қаржы басқармаларында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
2004–2009 жж. — Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің бастығы.
2009–2014 жж. — ҚР Конституциялық Кеңесі бөлімінің меңгерушісі.
2014–2015 жж. — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінің директоры. 2015–2018 жж. — Ақтөбе облысының әкімінің орынбасары.
2019–2020 жж. — ҚР Премьер-Министрі бірінші орынбасарының кеңесшісі. 2020 жылғы 16 қазанда ҚР Премьер-Министрінің өкімімен ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT