Премьер-Министр Кәрім Мәсімов қаза болғандардың отбасыларына көмек көрсетуді тапсырды

None
None
ашаның 10-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ -  Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов көкөніс қоймасындағы өрттің салдарынан қаза болғандардың отбасыларына көмек көрсетуді тапсырды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Үкімет басшысы Премьер-Министрдің кеңсесіне әкімдермен және Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесе облыстардағы қаза болғандардың отбасыларына көмек көрсету бойынша тиісті жұмыстарды қарастыруды тапсырды.

Сонымен қатар К. Мәсімов ҚР Сыртқы істер министрлігіне Ресей елшілігімен бірлесе аталған қайғылы оқиға бойынша қаза болған Ресей азаматтарының отбасыларына тиісті қолдау көрсетуді жүктеді.

Соңғы жаңалықтар