Премьер-Министр Қарағанды облысындағы түйнеме індетінің пайда болуына қатысты бірқатар тапсырма берді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Қарағанды облысына барған жұмыс сапары кезінде аймақтағы эпизоотикалық жағдай бойынша кеңес өткізді. Орын алған жағдай туралы ҚР Бас санитарлық дәрігері

 Жандарбек Бекшин, ҚР АШМ вице-министрі Гүлмира Исаева, Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков баяндап берді.

«Жағдай көңіл көншітпейді. Жергілікті билік жұмысының кемшілігі», - деді К.Мәсімов. Ол Қарағанды облысы әкімінің жеке жауапкершілігі қаралатынын атап өтті.

Жиын соңында К.Мәсімов бірқатар тапсырма берді. Ауыл шаруашылығы министрлігіне ветеринарлық қызметтердің жұмысының тиімділігіне талдап шығу, өкілетті тұлғалардың жауапкершілігін қарастыру, мал қорымын салу және оны ұстап тру бойынша қосымша шаралар қабылдау тапсырылды.   Премьер-Министр Қарағанды облысының әкіміне аталған кеселдің алдын алу мақсатында өңірдегі профилактикалық шаралар қолға алуды, бақылауды күшейтуді жүктеді.   

Сонымен қатар, Премьер-Министр тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары сәйкесінше жүргізілмейтініне назар аударды. Ол жапа шеккен жанұяларға қолдау көрсетуді тапсырды.  

Қазіргі таңда төтенше жағдайға байланысты медициналық қызмет көрсету сапасы бойынша дәрігерлерге қатысты ҚР ҚК 327 және 317 баптарына сәйкес екі қылмыстық іс қозғалды.

Қарағанды облысының әкімі Шет ауданы Еркіндік ауылындағы карантин 8 шілдеде алынуы мүмкін екенін хабарлады. 

Соңғы жаңалықтар