Премьер-Министр кандидатурасын таяу күні Президентке ұсынамыз – Ерлан Қошанов

None
Фото: parlam.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Премьер-Министр кандидатурасы таяу күндері Мемлекет басшысына ұсынылады. Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Таяу күндері ұсынылады. Уақыты келгенде білесіздер. Қазір мен оны ашып айта алмаймын. Мемлекет басшысына кандидатураны (Премьер-Министр кандидатурасы) таяу күндері ұсынатын боламыз. Мүмкін ертең не арғы күні. Қазір процедурасын пысықтап жатырмыз. Президентпен кездесуде ұсынатын шығармыз және жалпы отырыста келісімімізді береміз», - деді Мәжіліс төрағасы БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Ерлан Қошанов дәл қазір Үкімет басшысына мына кандидатты ұсынамын деп айту орынсыз болатындығын баса атап өтті.

«Партия төрағасы ретінде ол - үлкен жауапкершілік. Партия фракциясында ақылдасуымыз керек. Содан кейін мен сіздердің алдыларыңызға шығып не болмаса тиісті процедуралар арқылы сауалдарыңызға жауап беремін», - деді Мәжіліс төрағасы.


Соңғы жаңалықтар