Премьер-Министр іске қосылмай жатқан өндірістерді бақылауға алуды тапсырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев толық қуатында жұмыс істемей тұрған кәсіпорындарды бақылауға алуды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елбасының тарапынан қойылып отырған талап - ол жаңа жоғары технологиялық өнім шығаруға байланысты кәсіпорындарды қайта жаңғырту. Бұл өз кезегінде экспортқа шығатын өнімдердің де көлемін арттыруға септігін тигізеді. Тағы бір мәселе - ол өңдеуші сектордағы жүйе құраушы әрі жаңа ірі кәсіпорындарға қатысты. Осыған аса назар аударуларыңызды сұраймын»,  - деп тоқталды Премьер-Министр.

Бұдан бөлек Үкімет басшысы өнімдерін жоспарлы деңгейде шығармай отырған өндірістерге тоқталды.

«Бізде пайдалануға уақтылы берілмей жатқан кәсіпорындар бар. Сонымен қатар, іске қосылған кәсіпорындардың толық қуатында жұмыстарын атқармауына байланысты жағдайлар кездесуде. Бұл тұрғыда осы бағыттарға мән беру қажет. Асқар Ұзақбайұлы (Үкімет басшысының бірінші орынбасары), аталған мәселелерді бақылауға алыңыз», - деп тапсырды Б. Сағынтаев.

null 

Соңғы жаңалықтар