Премьер-Министр Ішкі жалпы өнім өсімінің мәселесін қадағалауды тапсырды

None
None
анның 5-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Осы жылдың қалған айларында Ішкі жалпы өнімнің өсімі басты мәселелердің бірі болады.

 Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен селекторлық кеңесте Премьер-Министр Кәрім Мәсімов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Жыл басында Елбасы жұмыссыздық санын өсірмеуді тапсырған болатын. Меніңше, бұл мақсат орындалған секілді. Үкіметтің, ұлттық компаниялардың, біз меморандум жасаған кәсіпорындардың, әкімдіктердің бірлескен іс-қимылы оң нәтижеге қол жеткізді. Қазір енді басқа мақсаттармен қатар,  барлық күшті ІЖӨ өсімін арттыру мәселесіне жұмылдыру керек», деді Үкімет басшысы.

Осыған байланысты К. Мәсімов әкімдерге ІЖӨ мәселесін ұдайы бақылауда ұстауды тапсырды.

 Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, Үкімет мақұлдаған мақсатты көрсеткіштерге сәйкес 2009 жылы ІЖӨ өсімінің нақты параметрлері өткен жылға қарағанда 0,1 пайызды құрауы қажет. ІЖӨ-нің нақты өсімінің бірінші және екінші тоқсандарда төмендеуін есепке алғанда, аталған көрсеткішке қол жеткізу үшін 3-4-ші тоқсандарда Ішкі жалпы өнім өсімін сәйкесінше 1,1-3 пайызға жеткізу керек.

Соңғы жаңалықтар