Премьер-Министр Елбасының тапсырмаларын орындау бойынша министрліктер мен әкімдіктердің жұмыстарын оң бағалады

None
None
А. Желтоқсанның  7-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Үкіметте өткен селекторлык кеңесте Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Елбасының тапсырмаларын орындау бойынша министрліктер мен әкімдіктердің жұмыстарын оң бағалады,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Биылғы жылғы тікелей эфир кезінде Елбасы жанар-жағармай, азық-түлік бағасын тұрақтандыру, сондай-ақ мектепке дейінгі мекемелер мәселесін шешуді тапсырды. Меніңше өткен айдың барысында тиісті министрліктер мен облыс әкімдіктері ауқымды жұмыстар атқарды. Яғни, оң нәтижеге қол жеткізілді», деді К. Мәсімов. Осыған байланысты Премьер-Министр ағымдағы желтоқсан айында аталған шараларды жүзеге асыру бойынша жұмыстарды жалғастыру керектігін айтып өтті. «Себебі, мерекелер кезінде бағаны өсіруге ниет білдіретіндер болады. Сондықтан бұл бір рет қана өткізіліп отырған шара емес», деді К. Мәсімов.

 Үкімет басшысы баға мәселесін ұдайы бақылауда ұстау керектігін тапсырды.  Сонымен қатар балабақшалар мәселесі ерекше бақылауда болуы тиіс екендігін қадап айтқан ол: «Балабақшалар бойынша ілгерлеушіліктер жаман емес. Нақты шаралар Астанада атқарылуда. Алматы бойынша тиісті қаулыны қабылдайтын боламыз. Сонымен бірге облыстарда бұл жұмыстар соңына дейін жеткізілуі керек», деді.

Соңғы жаңалықтар