+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Премьер-Министр ЭКСПО бойынша жол картасына өзгеріс енгізуді тапсырды

2017 жылғы 26 желтоқсан 12:36
Бөлісіңіз:
Премьер-Министр ЭКСПО бойынша жол картасына өзгеріс енгізуді тапсырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкіметтің селекторлық режимдегі отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ЭКСПО бойынша жол картасына өзгеріс енгізуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Көрмеде таныстырылған жобаларды елімізде қолданудың маңыздылығын Елбасы әрқашанда айтып, өзінің жеке қадағалауында ұстап отыр. Сол себептен жұмысымызды ары қарай жалғастыруымыз қажет. Бірқатар әкімдіктердің белсенді жұмыс істеп жатқанын министр айтты. Басқа әкімдіктер де жұмысты ілгерілетуі қажет», - деді Үкімет басшысы.

null

Осы ретте Бақытжан Сағынтаев Солтүстік Қазақстан облысы енгізбек болып отырған күн сәулесі арқылы батарейкаларлы қуаттандыру технологиясын басқа да облыстарда пайдалануға мүмкіндік бар екендігін атап өтті.

«Сол себепті облыстағы әріптестерден жұмыстарыңызды жеделдетуді сұраймын. Бүгінгі айтылғандарды қайта қарап, Жол картасына өзгерістер енгізіңіздер. Келесі жолы бұл жобалардың қалай енгізіліп жатқандығын қарайтын боламыз», - деді Премьер-Министр.

Айта кетейік, бүгінгі Үкімет отырысында еліміздің Энергетика министрі Қанат Бозымбаев көрме павильондарында қойылған 105 шетелдік және 28 отандық технология іріктеп алынғанын, оның 27-сі мұнай мен газ, 7-еуі көмір өнеркәсібі, 63-і электр энергетикасы, энергияны үнемдеу және ЖЭК, 36-сы экология салаларына тиесілі екендігін айтқан болатын.

null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT