Премьер-Министр Екібастұздағы апат себептерін айтты

None
ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Екібастұздағы апатты жағдайдың басты себептерін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі жағдайдың себептері жылу желілерінің әбден тозуы және жылу орталығы басшылығы тарапынан немқұрайдылық пен инвестициялардың жеткіліксіздігі болып отыр. Тиісті тергеу жүргізіліп жатыр және барлық жауапты және кінәлі адамдар, әрине, жауапқа тартылады», - деді Премьер-Министр Екібастұзға жұмыс сапары барысында.

Сонымен бірге, Үкімет басшысы ЖЭО иелерімен тиісті жұмыс жүргізілетінін, биылғы жылыту маусымында олар толығымен ТЭЦ пен жылу желілерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ететінін жеткізді.

27 қарашада Екібастұз жылу электр орталығында апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалған еді.

Кейінірек жылу қазандығының істен шығуына байланысты облыс әкімі бастаған жедел штаб құрылды.

Екібастұз қаласының оқушылары онлайн оқитыны хабарланды. Қала әкімінің айтуынша, 3 шағынауданға әлі жылу берілген жоқ.

28 қараша таңертең қалада жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды.

Жалпы айта кетсек, Екібастұз қаласы бойынша жалпы 422,5 км жылу желілері бар. «Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС балансында 342,3 км, олардың тозу деңгейі 91% құрайды.

Екібастұз ЖЭО–да 10 қазандық орналасқан, оның ішінде 5 энергетикалық, 5 су жылыту қазандығы. Екібастұз қаласында 689 көппәтерлі үй және орталық жылумен жабдықтауға қосылған 4 395 жеке үй бар.


Соңғы жаңалықтар