Премьер-Министр Денсаулық сақтау министрлігіне дәрігерлер даярлауға ерекше екпін қоюды тапсырды

None
None
АСТАНА. Ақпанның 1-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Денсаулық сақтау министрлігіне дәрігерлерді даярлауға ерекше екпін қоюды тапсырды.

Бұндай тапсырма аталған ведомствоның өткен жылдың қорытындысына арналған алқа мәжілісінде жүктелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атап айтқанда, еліміздегі дәрігерлердің негізгі бөлігі, яғни қазақстандық денсаулық сақтау жүйесі қауқарлы. Дәрігерлердің көбі дұрыс білім алып, жақсы тәжірибеден өткендер. Адамдар бұл дәрігерлерге сенеді. Алайда, дәрігерлердің барлығы бірдей емес», - деп ескертті Үкімет басшысы.

Осыған байланысты К. Мәсімов, жоғары оқу орындарында дәрігерлерді даярлауға ерекше екпін қою керектігін жеткізді.

«Жемқорлық, даярлау жүйесіндегі маманданудың жеткіліксіздігін, яғни кешенді мәселелерді тұтастай қарап шығу керек. Осының барлығына ерекше назар аудару қажет»,- деді Үкімет басшысы.

Премьер-Министр 2014 жылға қарай дәрі-дәрмектің 50 пайызы елімізде шығарылуы керектігін айта келе: «Бұл нақты мақсат. Оны өзім жеке бақылайтын боламын»,- деді.

Соңғы жаңалықтар