+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Премьер-Министр: Ай сайын 2 млн адам вакциналансын

2021 жылғы 12 сәуір 10:13
Бөлісіңіз:
Премьер-Министр: Ай сайын 2 млн адам вакциналансын

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда вакцинациялау кестесін нақты түрде сақтау керек. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда үнді штамы айналымда жүруі мүмкін - Сәдуақас Байғабылов Өткен тәулікте 13 пациент коронавирустан қайтыс болды Швейцарияда 15 жасқа дейінгі жасөспірімдерді вакциналауға рұқсат етілді

«Вакцинациялау графигі нақты сақталсын және сәуір айында, сондай-ақ мамыр мен маусым айларында, жоспар бойынша ай сайын 2 млн адамды вакцинациялау қамтамасыз етілсін. Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге қоғамдық орындарды, соның ішінде сауда орталықтарын пайдалана отырып, вакцинациялаудың қолжетімділігін қамтамасыз етуді тапсырамын», - деді А. Мамин.

Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі Ақпарат министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, халық үшін вакцианциялаудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмысын жүргізуді жалғастыруы керек.

«Қоғам тек санитарлық нормарларды сақтау және вакцинациялау ғана пандемияның таралуын тоқтатып, экономиканың өсуін қамтамасыз ете алатынын түсінуі керек», - деді Үкімет басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Асқар Мамин өңірлерде санитарлық нормалар мен бетперде режимін сақтауды күшейту керектігін тапсырды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT